Берлинде өткен «INNOTRANS 2018» көрмесінде «ТРАНСМАШХОЛДИНГ» АҚ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» зауытын сатып алу туралы шартқа қол қойылды

Создано: 20.09.2018 | 01:26
Обновлено: 08.10.2018 | 01:29
Категории: Жаңалықтар
Берлинде өткен «INNOTRANS 2018» көрмесінде «ТРАНСМАШХОЛДИНГ» АҚ «ТҰЛПАР-ТАЛЬГО» зауытын сатып алу туралы шартқа қол қойылды

2018 жылғы 20-21 қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қ. Алпысбаев бастаған делегациясы Берлинде өткен «InnoTrans 2018» халықаралық көрмесіне қатысты

2018 жылғы 20-21 қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қ. Алпысбаев бастаған делегациясы Берлинде өткен «InnoTrans 2018» халықаралық көрмесіне қатысты.

Көрме барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ «Тұлпар-Тальго» ЖСШ вагон құрастыру кәсіпорнын сатып алуға сату-сатып алу шартын жасасты.

Сату-сатып алу шартына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Алпысбаев пен «Трансмашхолдинг» АҚ бас директоры Кирилл Липа қол қойды.

Аталған мәмілені жасасу барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның активтерді жекешелендіру мәселелері жөніндегі эксклюзивті қаржы және заң кеңесшісі болып табылатын Эрнст энд Янг Қазақстан компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мүддесін қорғады.

Берлинде Компания басшысы теміржол машинасын құрастыру, техникалық даму, цифрлық технологияны ендіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірнеше екіжақты кездесулер өткізді.

GE Transportation бас менеджері Г.Байханмен, Alstom компаниясының басқарма төрағасы А.Пупар-Лафаржбен, «Сименс-Қазақстан» президенті А. Барцявичюспен, сондай-ақ «Korfez», «Plasser Стенд Plasser», «Geismar» компанияларының өкілдерімен кездесу кезінде ағымдағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл перспективалары мәселелері талқыланды.

Көлік техникасы мен көлік жүйелерінің әлемдегі ең ірі теміржол көрме-жәрмеңкесінде қазақстандық өндірушілердің өнімі – Ақтөбе релсь-арқалық зауытының ұзын өлшемді рельстері ұсынылды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі