Қазақстандық теміржол машинасын жасау кәсіпорындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігінің 90% қамтиды

Создано: 14.06.2018 | 21:48
Обновлено: 25.06.2018 | 15:39
Категории: Жаңалықтар Ключевые слова: АРАЗ, Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстандық теміржол машинасын жасау кәсіпорындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігінің 90% қамтиды Қазақстандық теміржол машинасын жасау кәсіпорындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігінің 90% қамтиды Қазақстандық теміржол машинасын жасау кәсіпорындары «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігінің 90% қамтиды

14-маусымда ҚР Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің мүшелері Қазақстандағы теміржол көлігі машинасын жасау мәселесін әрі қарай дамытуға арналған көшпелі отырысын өткізді.

14-маусымда ҚР Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің мүшелері Қазақстандағы теміржол көлігі машинасын жасау мәселесін әрі қарай дамытуға арналған көшпелі отырысын өткізді.

Комитет төрағасы Асқар Бейсенбаев басқарған ҚР Парламент Сенатының депутаттары «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешені, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Теміржол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығының» жұмысымен танысты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Орынбасаров «индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша еліміздегі ірі жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда теміржол көлігі машинасын жасаудың толыққанды кластері құрылғандығын баяндады».

Әлемдік машинақұрылысы саласындағы жетекші компаниялар - «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» кәсіпорындарымен ынтымақтастық нәтижесінде инновациялық технологияға негізделген заманауи жылжымалы құрам өндірісі қалыптасты. Қазіргі таңда Қазақстанда жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздары, жүк және жолаушылар вагондары, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығарылады.

Теміржол көлігі машинасын жасау кластері құрамына 200-ден астам кәсіпорын кіреді. Онда 12 мың жұмыс орны ашылды. Бес мыңнан астам теміржол өнімі түрлері шығарылады. Кәсіпорындардағы қазақстандық үлес 80% жеткізілді. Теміржол көлігі саласындағы отандық кәсіпорындар «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігінің 90% қанағаттандырып отыр.

2018 -2025 жылдарға арналған вагон жасау бағдарламасы жасалып, барынша ауыр жүк көтеретін 30 мыңнан астам инновациялық вагондар алу жоспарланып отыр.

Қазақстандық теміржол көлігі машинасын жасау кәсіпорындарының экспорттық әлеуеті зор. Болжам бойынша, жалпы экспорт 3 млрд. АҚШ доллары көлеміне жеткізіліп, Еуразиялық құрлықтың 18 елін қамтыған.

«Жақында Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында «General Electric» компаниясының технологиясымен «ЛҚЗ» АҚ базасында 2030 жылдарға дейін 300 дана маневрлік тепловоз шығарудың ұзақ мерзімдік келісімі жасалды. Аталмыш жобаны жүзеге асыру арқылы қосымша 270 жұмыс орны ашылатын болады»,-дейді Б. Орынбасаров.

Көшпелі отырыста сөз сөйлеген Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаевтың айтуынша, «машина жасау саласының тұрақты дамуы, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірістің экологиялық қауіпсіздігі, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс».

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында индустрияландырудың флагманы ретінде жаңа технологиялардың ел дамуына серпін беретіндігін белгілеп берді»,-дейді А. Бейсенбаев.

Жақында өткен «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» атты парламенттік тыңдауда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы транзит пен логистикалық шешімдерді жүзеге асырудағы Компанияның өндіріске енгізіп жатқан технологиялары табысты екендігі аталып өтілді. Теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы жаңа технологиялық қадамдар қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерінің экспортқа бейімделген, бәсекелестікке сай болуына ықпал етеді.

Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, «сала мыңдаған мамандарды тұрақты әрі табысты жұмыспен қамтып отыр. Аралас салаларда ондаған мың жұмыс орындары ашылды. Жеке бизнестің инвестициясы өндірістің жаңа технологиямен жарақтануына және өндіріске жаңа технологияларды енгізуді қолдайды».

Е. Сұлтановтың айтуынша, мемлекет Қазақстанның көлік-логистикалық кешені алдында қойған тапсырмаларының табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Оның ішінде теміржол көлігі машинасын жасау саласы басымдыққа ие. Бұған заң шығару органы тарапынан тиісті құқықтық қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.

Көшпелі отырыста «Тұлпар-Тальго» ЖШС бас директоры Ноди Жульен Роже, «БРК-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Р.Гаппаров, «Kazakh Export» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма басшысы Р. Искаковтың есебі тыңдалды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі