ҚР Инвестиуциялар және даму министрінің жаңа вагондарды сатып алуға арналған несиелер мен қаржылық лизингтер барысында сыйақы ставкасын субсидиялау туралы бұйрығы бекітілді

Создано: 27.09.2017 | 15:41
Обновлено: 27.09.2017 | 19:57
Категории: Жаңалықтар Ключевые слова: Вагондар, Зауыттар, Тұлпар-Тальго
ҚР Инвестиуциялар және даму министрінің жаңа вагондарды сатып алуға арналған несиелер мен қаржылық лизингтер барысында сыйақы ставкасын субсидиялау туралы бұйрығы бекітілді

Аталған өзгерістер жаңа вагондарды шығарудың өзіндік құнын төмендетуге, мүмкіндік беріп, тұтынушылар үшін тартымдылығын арттырады

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылдың 30 маусымындағы № 410 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылдың 16 маусымындағы «Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдаушылар және операторлар вагондарды (контейнерлерді) сатып алуға арналған несиелер мен қаржылық лизингтер барысында сыйақы ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы» №497 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, субсидиялау ережесіне сыйақы ставкасының шекті деңгейін 8-ден 5 пайызға дейін төмендету бөлігіне өзгертіледі. Атап өтерлігі, бұған дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 16 маусымындағы №497 бұйрығымен тасымалдаушылар үшін  жылдық мәнде 0,1 пайыздан және операторлар үшін 8 пайыздан асатын, бірақ көлемі 10 пайыздан артық емес займ/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ставкасы бөлігін субсидиялау қарастырылған болатын.

Аталған өзгерістер жаңа вагондарды шығарудың өзіндік құнын төмендетуге, мүмкіндік беріп, тұтынушылар үшін тартымдылығын арттырады. Сол арқылы меншік иелеріне вагондарды сатып алу барынша қолжетімді болады, парктерді толықтырудағы тапшылықтың азаюына және жалпы тозудың төмендеуіне әкеледі. Қорытындысында әлеуметтік маңызы бар және транзиттік  бағыттардағы жүк тасымалының көлемі артады, сонымен қатар отандық вагон жасау саласының дамуына серпін береді.