ҚТЖ экспортқа теміржол өнімдерін шығарушыларды құқықтық қолдауды ұсынады

Создано: 22.09.2017 | 17:55
Обновлено: 22.09.2017 | 17:57
Категории: Жаңалықтар Ключевые слова: Вагондар, Зауыттар, Келісім-шарттар
ҚТЖ экспортқа теміржол өнімдерін шығарушыларды құқықтық қолдауды ұсынады

20 қыркүйекте Қазақстанның машинажасаушыларының 5-ші форумы басталды.Форум аясында теміржол көлігі машинасын жасау саласын дамытудың мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды

20 қыркүйекте Қазақстанның машинажасаушыларының 5-ші форумы басталды.Форум аясында теміржол көлігі машинасын жасау саласын дамытудың мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды.

Салалық секциялық отырыста «Локомотивжөндеу» АҚ президенті Т. Лесов баяндама жасап, теміржол көлігі машиналарын жасау кластерінің басым бағыттары, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру тапсырмалары, қазақстандық теміржол өнімдерін шетелге шығару аясын кеңейте түсудегі мәселелерге тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында толыққанды теміржол көлігі машинасын жасау кластері құрылды»,-деп атап өтті Т. Лесов.

«Теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы әлемдік «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» компанияларымен тығыз серіктестік орнатып, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, заманауи жылжымалы құрам өндірісін жасақтадық»,-деді Т. Лесов.

Қазақстандық кәсіпорындарда жүк және жолаушылар тепловоздары мен электровоздары, жолаушылар және жүк вагондары, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығарылады. Теміржол көлігі машиналары кластері орта және шағын бизнестің жинақтаушы, босалқы бөлшектерін шығаратын 200 кәсіпорынды біріктіреді.

«Бұл кәсіпорындарда теміржол көлігіне қажетті 5 мың түрлі өнімдерін шығаратын 12 мың жұмыс орнын қамтыды. Қазіргі таңда өнімдердің 37 пайызы қазақстандықтардың үлесіне кіреді. 2020 жылдарға дейін мұндағы қазақстандық өнімдерін 51 пайызға жеткізу көзделіп отыр»,-дейді баяндамашы.

Биылғы жылы «Тұлпар-Тальго» ЖШС жаңа үлгідегі қорабы кең 116 жолаушыларға барынша қолайлы вагондарын зауыттан шығарды.

Жылжымалы құрамның жолаушылар және жүк тартымы инновациялық өндірісінен тепловоздар мен электровоздар, ұзындығы 120 метрлік термотөзімді 200 шақырымдық қозғалысқа бейімделген рельстер шығарылуда.

Қазіргі таңда қазақстандық теміржол өнімдері АҚШ-тың 100 миллион доллары көлемінде экспортқа жіберілді. 2020 жылдарға дейінгі экспорттық әлеует 3 млрд АҚШ доллары көлемінде болады деп болжануда. Өнімдерді өткізу нарығы Еуразиялық құрлықтағы 18 мемлекеттік қамтыды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Республикамыздағы вагон құрыстыру саласын дамытудың ұзақ мерзімдік кешенді бағдарламасын жасауда. Жолаушылар және жүк вагондарын лизингтік әдістермен несиелеуге және оны субсидиялық 8-ден 5 пайыздық мөлшерлеме көлемінде қайтарымсыз қаржымен қамтамасыз етудің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚР Теміржол көлігі туралы Заңына отандық теміржол көлігі кәсіпорындарының өнімін экспортқа шығаруға жеңілдіктер жасау туралы тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Теміржол көлігі машиналарын жасау саласындағы әлеуетінің күшеюіне байланысты осынау шаралар кәсіпорындардың бәсекелестікке бейім жаңа нарықтарды игеруіне, өндіріс орындарын қосымша тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын сақтауға, сол арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталады.

Салалық секциялық отырыста салаға мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығы, нормативтік-құқықтық реттеу, өндірістің қазақстандық үлесін арттыру, техникалық аудит, өнім түрлерін көбейту мәселелері де қаралды.

Отырыс соңында саладағы бірқатар мамандар «Құрметті машинажасаушы» белгісімен марапатталды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі