Қазақстандық рельс өнімдері өзбек теміржолына жеткізіледі

Создано: 18.09.2017 | 09:14
Обновлено: 19.09.2017 | 09:16
Категории: Жаңалықтар Ключевые слова: Зауыттар, Келісім-шарттар
Қазақстандық рельс өнімдері өзбек теміржолына жеткізіледі

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары барысында 2-ші Қазақстан-Өзбек бизнес форумы өткізіліп, оған қазақстандық өнім өндірушілердің тауарлары да қойылды

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары барысында 2-ші Қазақстан-Өзбек бизнес форумы өткізіліп, оған қазақстандық өнім өндірушілердің тауарлары да қойылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегациясы Ташкенттегі 2-ші Қазақстан –Өзбекстан бизнес форумы аясындағы қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.

Көрмеге Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері, «Тұлпар-Тальго» зауытының жолаушылар вагондары, тепловоздар мен электровоздар қойылды. Ташкент теміржол станциясына қазақстандық көрмеге қатысушылар тепловоз, электровоз, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын орналастырды.

Қ. Алпысбаев Қазақстанда теміржол көлігі машиналары кластері қалыптасқандығы туралы баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында теміржол көлігі машиналары кластері қалыптасты»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

Оның айтуынша, «Компания машина жасау саласындағы әлемдік - «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» секілді жетекші компаниялармен соңғы үлгідегі жылжымалы құрамды құрастыруда озық инновациялық технологияларды қолдануда».

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздарын, жолаушылар және жүк вагондарын шығарады. Жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдарды өндіреді.

Қазақстандық кәсіпорындардан шыққан теміржол көлігі машиналары экспорттық сұранысқа ие. Сараптаулар қорытындысына қарағанда, жалпы көлемі 3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өнімдерді 18 мемлекетке өткізген. Теміржол көлігі машиналары өнімдері көршілес мемлекеттер Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украинаға экспортталды.

Әсіресе, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол көлігі машиналарын өндіру саласындағы серіктестіктің қарқыны жоғары. Қазіргі таңда өзбек теміржолына Алмалық тау кен металлургиялық өнімдерінің 1 мың тоннасы, Ақтөбе рельс арқалығы зауытының 3,9 мың тонна қазақстандық рельс өнімдері жеткізілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ көрмедегі павильонымен танысқан ҚР ПРезиденті Н. Назарбаев қазақстандық кәсіпорындардың өзбек теміржолын жаңғыртуға қатысуы жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүрдек жолаушылар пойызының қозғалысы туралы сұрады.

Қ. Алпысбаев Мемлекет басшысына «Алматы-Ташкент бағдарына «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызын қатынап жатқандығын, оның бұл аралықты 30 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартқандығын» жеткізді.

Қазақстан-өзбек бизнес форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «УТЙ» АҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды Ол Келісім бойынша ҚТЖ биылғы жыл аяғына дейін Өзбекстанға 5 мың тонна рельс өнімдерін жеткізуге уағдаласты. Бизнес форум аясында Өзбекстанға жылына 13,5 мың тонна теміржол өнімдерін жеткізуге ұзақмерзімдік Келісімге қол қойылды. 2020 жылдарға дейін өзбек теміржолына 40 мың тонна рельс өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиевпен ресми кездесуі аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында стретегиялық серіктестік туралы Келісімге» қол қойылды. Бұл маңызды құжат бойынша тараптардың аумағымен өтетін пойыздарға қызмет көрсетуде және теміржол өнімдерін экспорттауда екі ел арасында өзара тиімді халықаралық көлік бағдарына бәсекелестікке сай қызмет көрсету қарастырылады.

2020 жылдарға дейінгі жалпы теміржол өнімдерінің тауар айналымы АҚШ-тың 320 миллион долларына бағаланып отыр.

Анықтама үшін:

Қазақстандық теміржол көлігі машинасын жасаушылар: 303 тепловоз, 62 электровоз, 552 жолаушылар вагоны (оның ішінде 116 кең қорапты), 7 321 жүк вагоны мен 200 мың тоннадан астам рельс шығарды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі