Павлодар өңірі теміржол кластерінің әлеуеті жоғары

Создано: 01.08.2017 | 15:31
Обновлено: 01.08.2017 | 15:38
Категории: Жаңалықтар Ключевые слова: Зауыттар
Павлодар өңірі теміржол кластерінің әлеуеті жоғары Павлодар өңірі теміржол кластерінің әлеуеті жоғары Павлодар өңірі теміржол кластерінің әлеуеті жоғары

ҚР Премьер- Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Павлодар облысына сапары барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев теміржол кластері жобаларының тұсаукесер рәсіміне қатысты.

ҚР Премьер- Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Павлодар облысына сапары барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев теміржол кластері жобаларының тұсаукесер рәсіміне қатысты.

Теміржол өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға қолдау көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ маңызды бағыттарының бірінен саналады.

«Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандық өнім өндірушілермен 337 миллиард теңгенің теміржол өнімдерін (босалқы бөлшектер, жинақтау құралдары, материалдар) сатып алуға келісім жасады»,-деп хабарлады Компания басшысы.

Барлық сатып алынатын теміржол өнімдерінің 30 пайызы Павлодар облысының үлесіне кіреді. Соңғы үш жылда жергілікті өнімдерді сатып алу үлесі 68 пайызға жеткізілді. Ағымдағы жылы мұны 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

«Тығыз қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындар теміржол кластерін жасақтады. Теміржол кластеріне жүзден астам теміржол саласы өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын жатады»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.

2013 жылдан бері теміржол кластерін дамытуға 80 миллиард теңге бөлініп, 1500 ден астам жұмыс орны ашылды.

Олардың ішінде «Проммашкомплект» ЖШС-нің жобалық қуаты 75 мың теміржол доңғалағы, бір мың бағыттауыш бұрма жинағы, екі мың жөндеу жинағын шығаруға жетеді. Теміржол сұранысы бойынша «RWS Wheelset» ЖШС жобалық қуаты бойынша 42 мың доңғалақ жұбы білігі мен 20 мың доңғалақ жұбын шығарады. Теміржол саласы үшін өнім шығаратын тағы бірнеше кәсіпорындар «RWS BINDING» ЖШС (жобалық қуаты -2 миллион рельс бекіту құралы мен 5 миллион полимер төсеніш), «RWS Concrete» ЖШС (жобалық қуаты – 850 бағыттауыш бұрмаларға арналған темір-бетон бөренелері), «Қазақстанның вагон жасау компаниясы ЖШС (жобалық қуаты – 2 мың әмбебап жартылай вагондар 12-9846 моделі, 500 құймаметалды жабық вагондар 11-9980 моделі) таныстырылды.

Бұл және басқа да ірі кәсіпорындар жаңа жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған. Заманауи сапалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Қазақстандық сапалы теміржол өнімдеріне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Оған шетелдік тұтынушылардың да қызығушылығы зор.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары «ЗИКСТО» АҚ мен «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС 3 мыңға жуық жүк вагондарын шығаруды жоспарлап отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдағы уақытта да мемлекеттің қазақстандық өнеркәсіп орындарына қолдау көрсету туралы саясатын орындап, теміржол өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетуін одан әрі жалғастырмақ.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі